Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылы Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының бөлінбеген пайдасы 211 миллиард теңгеге жеткен. Дегенмен қор депутаттардың сұранысына жауап беріп, пайдамен ешкіммен бөліспейтінін мәлімдеген. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Protenge Telegram-арнасының мәліметінше, қордың негізгі мақсаты пайда көру емес. Дегенмен өткен жылдың өзінде бөлінбеген пайдасы бірнеше миллиардқа жеткен. Ал қорды Ұлттық банк басқарады.
"211 миллиард теңге қомақты сома. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары БЖЗҚ өз табысын қазақстандықтармен бөлісуін талап еткен. Олар бұл ақшаны ел бюджетіне беріп, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттауды ұсынған. Бірақ қор бас тарттты. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов БЖЗҚ-ның коммерциялық емес акционерлік қоғам екенін мәлімдеді. Заң бойынша мұндай ұйым табысын жеке дамуына жұмсайды. Акция бойынша дивиденттер төленбейді. Сәйкесінше БЖЗҚ табысын ешкіммен бөлісуге міндетті емес", – делінген жазбада.
Сарапшылардың сөзінше, жыл басынан бері инфляция үш есеге өскен. Демек зейнетақы қорындағы қазақстандықтардың қаржысы өскен жоқ, керісінше құнсыздана түскен.
Айта кетейік, Amanat фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (әрі қарай БЖЗҚ) әлеуметтік мәселелерді шешу үшін 211 миллиард теңге көлеміндегі бөлінбеген пайданы алуды ұсынған еді. Оның сөзінше, бұл заң жүзінде бұл салымшылардың емес, БЗЖҚ-ның жеке қаржысы.