Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Черногорияда Абай орталығы ашылды
Жаңалықтар

Черногорияда Абай орталығы ашылды

28.07.2025
мин
0
149

Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау.

Абай орталығының ашылу салтанатына Черногорияның Қазақстан, Австрия, Германия, Словакия, Испания, Италия, Венгрия, Болгария, Түркия және Греция  Елшіліктерінің дипломатиялық өкілдері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Абай орталығына жүзден аса құжат табыс етілді. Олардың ішінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай т.б көптеген тілдерге аударылған Абайдың шығармалары, қарасөздері, абайтану кітаптары, өмір жолы мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сонымен қатар қазақ жазушылары Әбіш Кекілбаев, Кемел Тоқаев, Таласбек Әсемқұлов сынды ұлт зиялыларының кітаптары бар. Бұл құжаттар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан алынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл