Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жуырда «Coca‑Cola белестері» республикалық жобасының жаңа маусымы басталды. Биыл өз кәсібін ашқысы келетін әйелдерге 20 грант бөлінді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоба 2012 жылы «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық қорының бастамасымен және The Coca-Cola Foundation Халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге аса бастады. Ал 2013 жылы серіктес ретінде «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ қосылды.
Байқаудың басты мақсаты - бүкіл Қазақстан бойынша әйелдер кәсібін дамыту.
Қазіргі таңда болашақ кәсіпкер әйелдер үшін екі білім беру платформасы жұмыс істейді:
Оқуын сәтті аяқтаған әйелдерге сертификатпен қатар үздік бизнес-идея байқауына қатысуға, ал жеңіске жеткен жағдайда өз ісінің басталуы мен дамуына қаржылық қолдау алуға мүмкіндік беріледі.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 60 мыңнан астам әйел оқудан өткен. Байқауға қатысуға мыңдаған өтінім беріліп, 117 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант иеленген болатын. Ал биыл жоба 11 қазанға дейін жалғасып, марапаттау қараша айында Астана қаласындағы республикалық Ауыл әйелдері форумында өтеді. Өтінімді мына сілтеме арқылы жіберуге болады.
Фото: kz.coca-cola.kz
Тағы көру