Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан COVAX Facility халықаралық бағдарламасына қосылды. Келісім бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шыққан бойда оны еліміздегі халықтың 20 пайызына бірден жеткізіп береді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді.
Ол өзінің Facebook парақшасына 2 182 000 адам вакцинаны тегін алатындығын жазды.
"Вакцинаны кез келген мемлекеттен аламыз. Қытай бірінші болып шығарса, Қытайдан аламыз. Ресей бірінші шығарса, сол мемлекеттен аламыз. Жамбыл облысындағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт бірінші болып шығарса, содан аламыз", - деп атап көрсетті Қожахмет.
Қазақстанға келетін 3 миллионнан астам екпенің басым бөлігі тегін таратылса, қалғаны сатылады. Бағасы 4,2-8 мың теңгенің айналасында болады.
"Азаматтар өз еркімен вакцина салдырамын десе, өз ақшасына сатып алады", - деді Қожахмет.
Дереккөз: Sputniknews.kz