Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мен Ресей «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеу және өндіру жайлы келісімшарт жасасты.
Енді Ресей қажетті технология мен 2 млн доза екпені елімізге жеткізеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, тегін екпені тәуекел топқа жататын азаматтарға егеді. Ал қалған қазақстандықтарға вакцина ақылы түрде салынады.
«Желтоқсанда алғашқы вакциналарды тәжірибеден өткізіп, сапасын тексереміз. Қауіпсіздігі анықталған жағдайда ерікті азаматтар вакцина ала алады. Екпені кезең-кезеңмен 2 млн дозаға дейін жеткізу жоспарда бар. 2021 жылдың ақпан айынан бастап екпені жаппай қолдануға болады», - деді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысымен зауыт салу туралы келісімге келген болатын.