482.33
557.57
5.74
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәстүр мен инновация үндестігі: Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда
Жаңалықтар

Дәстүр мен инновация үндестігі: Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда

21.03.2026
мин
0
78

21 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтардың Астана алаңында бас қосты. Мұнда таңертеңнен бері мазмұнды мерекелік іс-шара өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сағат 11:00-ден бастап осында концерт, театрландырылған қойылымдар, көрмелер мен интерактивті іс-шаралар өтіп жатыр. Алаңда ән шырқалып, би билеп, көбі мұнда бала-шағасымен, үй-ішімен келіп серуендеп жүр. Көктем келгенін адамдардың көңіл-күйіне қарап-ақ байқауға болады. 

Сахнада Қазақстанның танымал әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп жатыр. Олардың арасында «Дос-Мұқасан», «МузАРТ» пен «Ұлытау» тобы, сондай-ақ Медеу Арынбаев, Сәкен Майғазиев, Нұржан Керменбаев, Ернар Айдар сынды танымал әншілер бар.

Әсіресе алты тақырыпты қамтыған киіз үйге қонақтардың ерекше назары ауды. Олардың әрқайсысы мәдениет пен осы заманғы үрдістің бір қырын суреттеген. «Ұлы дала әуені» киіз үйінде ұлы тұлғалардың музыкалық аспаптары ұсынылған, «Сақ мұрасы» бөлімінде сақ дәуірінің қайта жасалған үлгілері қойылса,  «Дәстүр коды» алаңында этно-дизайн шеберлерінің туындылары көрсетіліп жатыр.
 

Замандық технологиялармен танысқысы келетіндер үшін киіз үй мен DIGITAL 360 аймағы жұмыс істейді – мұнда LED-экрандар мен дыбыстық эффектілер арқылы Алматының табиғатын бейнелеген екен.

Мерекелік көңіл-күй алаңмен шектелмей, бүкіл қаланы қамтыды. Көшелер көктемгі шаттыққа, жарқын инсталляциялар мен адамдардың күлкісіне толды. Наурыз қала тұрғындары мен қонақтарға дәстүр мен мәдени мұраға бай екенімізді тағы паш етті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл