Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дәулет Мұқаев бала кезінде қандай болғанын айтты.
"Алғыр, білімге ұмтылғыш, зерек бала болдым. 4-сыныпта оқып жүргенде 2-3 сынып балаларына сабақ беретінмін. Сол кезде бір үйден 200 теңге алатынмын.
Көршілер мені "кіші декан" деп атайтын. Балалар түсінбеген сабақтарды, көбінесе математиканы түсіндіріп беретінмін", - деп еске алды Дәулет.
Блогер еңбекке де ерте араласқанын еске алды.
"Оқушы кезде шемішке, шыбынның дәрісін саттым. 7-8 сыныпта көлік жуатын орталықта, кейін моляр болып жұмыс істедім. 11-сыныпты бітірген соң, бутикте ұялы телефон, батарея, қуаттағыш сынды заттар саттым", - дейді экономист.
Қаржылық сауаттылық туралы халыққа білім беріп жүрген Дәулет Мұқаевтың бүгінгі таңда 4 баспанасы бар.
Ақпарат stan.kz сайтынан алынды