Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына арналған болжамды әзірлеп жатыр.
Вице-министр Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында есептеу жүргізіліп, індеттің таралуына байланысты арнайы болжам дайындалған болатын. Оған сәйкес, емханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған еді. Ал тамыз айының алғашқы күнінен елімізде коронавирус пен пневмонияның статистикасы бірге есептелетін болды. Осыған орай болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр.
"Демек, біз бәрін қайта есептеп шығуымыз керек. Қазір әлемнің барлық елдері пендемияның екінші толқыны жайлы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол уақытта вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да асқынады. Осының бәрін болжамда ескеру керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.