Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламент мәжілісінің жалпы отырысында бағдарлама бойынша кеткен жас мамандар қалаға қайтуы жиілегені туралы талқыланды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бағдарламаның жүзеге асып жатқанына 14 жыл болды, мамандарға мұқтаж өңірлер көбеймесе, азайған жоқ. Өз міндеттемесін орындап, үш жыл ауылда жұмыс істеген мамандар тиісті мерзімі аяқталған соң жүгін буып-түйіп, қайтадан қалаға көшіп кетіп жатыр. Депутаттар жылдар бойы бюджеттен қаржы құйылып келген бағдарлама міндетін мінсіз орындай алмай жатқанын жеткізді.
«Көшкен жас мамандардың бағдарламадан айнып, қалаға қайтып кетуінің салмақты себебі - тұрғын үйді сатып алу қиындықтары және орталықтандырылған су мен жылудың жабдықталуының жоқтығы. Сондықтан мамандарға берілетін бір реттік көтерме жәрдемақыны, әр отбасы мүшесіне яғни адам басына 150 (АЕК) айлық есептік көрсеткішке (520 мың теңгеге) дейін арттыру қажет. Жас мамандарға 5 млн теңгеге кредит бергеше жаңа үйлер салып беру немес тұрғын үй сатып алуға және салуға берілетін несие мөлшерін 3000 (АЕК)айлық есептік көрсеткішке (10 мил теңгеге) дейін ұлғайту керек», - деді депутат.
фото: egemen.kz
Тағы көру