Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Футбол федерациясының басшылығына жүрегі қазақ азаматты қойыңыздаршы”: депутат спорт министріне өтініш жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс отырысында депутат Жигули Дайрабаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысын сайлау бойынша ұсыныс айтты.
- Сіз бұл қызметке жаңадан келдіңіз. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Бұл оңай сала емес. Заң жобасын қолдаймыз. Футбол, баскетбол, хоккей ойындары көңілімізден шықпай жүр. Хоккейден КХЛ-де ұятқа қалып жатырмыз. Легионерлерді жинауды доғарып, оларға мемлекеттік қаражат жұмсауды тоқтату керек деп санаймын. Сізге, әрине, бұл мәселелер қиынға соғуы мүмкін, бірақ депутат ретінде сізді қолдаймын. Тағы бір мәселе – жақында футбол федерациясының басшылығы ауысты. Сол орынға жан-тәнімен қазақ, тілін білетін азаматты қойсаңыздар екен! Өтініш!, – деді депутат.
Министр Ербол Мырзабосынов депутаттың сұрағына жауап бере отырып, қарастырылып жатқан заң жобасы аясында алдағы уақытта легионерлерге квазимемлекеттік сектордан қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді.
- Футбол туралы айтар болсам, жуырда футбол федерациясының басшысы өз еркімен қызметінен кетті. Заңнамаға сәйкес тиісті процедуралар бар, бір айдан кейін жаңа басшыны сайлау жоспарланған, – деді Мырзабосынов.