Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында зейнеткерлердің банкроттыққа өтініш беру және әлеуметтік қорғалған есепшот ашу мәселелерін шешуді ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың айтуынша, борышкерлерге арналған жаңа заң жұмыс істемей тұр. "Е-өтініш" арқылы берілген банкроттыққа өтініштер қанағаттандырылмай, зейнеткерлер зейнетақысынан айырылуда. Сот орындаушылары олардың есепшоттарын бұғаттап, шетелге шығуға шектеу қойған. Сонымен қатар әлеуметтік қорғалған есепшоттар тек үш банк арқылы ашылады, ал "Қазпошта" бұл тізімге енбей қалған. Депутат зейнеткерлердің қарызын кешіруді, банкроттық рәсімін жеңілдетуді және барлық банктерден әлеуметтік қорғалған есепшот ашуды ұсынды.
– Бейнеткештердің зейнетақы жинағына қол салғанымыз аздай, зейнеткерлерге зейнетақысын жегізбеуіміз елдігімізге сын болар, – деді Қайрат Балабиев.