440.86
500.77
5.27
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат жастар саны өскен өңірлерде жаңа университеттер ашуды ұсынды
Жаңалықтар

Депутат жастар саны өскен өңірлерде жаңа университеттер ашуды ұсынды

30.09.2026
мин
0
103
Сурет: El.kz

Құрылтай депутаты Нұрлан Дулатбеков Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке сауал жолдап, демографиялық өсімі жоғары облыстарда заманауи университеттік хабтар ашу мәселесін көтерді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Әділет» фракциясының өкілі елдегі білім капиталы мен қаржыландырудың тек мегаполистерде шоғырлануы аймақтардың дамуын тежеп отырғанын атап өтті.

Елдегі жоғары оқу орындарын модернизациялау және ғалымдарды қолдау тетіктерін қайта қарау қажет. Парламент қабырғасында сөз сөйлеген депутат Нұрлан Дулатбеков шеткері аймақтардағы білім беру сапасын көтеру бойынша бірқатар маңызды бастама көтерді.

Аймақтық ЖОО-лар – инновацияның қозғаушы күші

Халық қалаулысының пайымдауынша, қазіргі таңда негізгі инвестициялар мен ғылыми потенциал ірі қалаларға бағытталған. Алайда бұл теңсіздікті жою үшін облыстардағы жоғары оқу орындарының рөлін түбегейлі өзгерту керек.

«Бүгінде өңірлік университеттердің әлеуетін арттыру – кезек күттірмейтін шаруа. Аймақтағы оқу орындары жай ғана диплом беретін мекеме емес, жергілікті ғылым мен озық технологиялар тоғысқан негізгі орталықтарға айналуы шарт», – деп білдірді өз пікірін депутат.

Осы ретте ол демографиялық көрсеткіші жоғары, жас мамандар шоғырланған өңірлерде жаңа форматтағы университеттік орталықтар негізін қалауды ұсынды.

Қаржылық дербестік пен басқару реформасы

Бұдан бөлек, Нұрлан Дулатбеков мемлекеттік университеттерге көбірек эркіндік беру қажеттігін алға тартты. Оның сөзінше, ЖОО-лардың қаржылық ресурстарды билеуі мен басқару шешімдеріндегі дербестігін кеңейту үшін заманауи корпоративтік басқару жүйелерін енгізу қажет.

Осыған байланысты депутат жауапты министрліктен аталған мәселелерді қамтитын арнайы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және Үкіметтің бұл бастамаларға қатысты ресми ұстанымын жазбаша түрде жолдауды талап етті.

Қазақстандағы ЖОО-лардың қазіргі жағдайы

Бүгінгі таңда республика бойынша жалпы 122 жоғары білім беру ұйымы тіркелген. Олардың ішінде:

 12-сі – ұлттық мәртебеге ие;

 31-і – мемлекеттік меншіктегі ЖОО;

 52-сі – жекеменшік оқу орындары.

Бұл оқу орындарының басым бөлігі әлі де болса Астана мен Алматы қалаларында орналасқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл