Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжілісте банк атауларында “халық” сөзі мен соған ұқсас ұғымдарды қолдануға шектеу қою мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл бастаманы депутат Марат Башимов бастаған топ ұсынды. Олардың пікірінше, “халық”, “ұлттық”, “республикалық”, “мемлекеттік”, “орталық” секілді атаулар тек мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарға тиесілі болуы тиіс.
Бастама “Банк және банк қызметі туралы” заңның 7-бабына енгізілетін түзету түрінде қарастырылып отыр.
- Конституция бойынша, мемлекеттің егесі – халық. Сондықтан бұл сөз барша қоғамға ортақ мағынаға ие, оны жеке коммерциялық ұйымдар иеленбеуі керек, – деді депутат Марат Башимов.