Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутаттар онлайн-кредит беруге тыйым салуды ұсынды
Жаңалықтар

Депутаттар онлайн-кредит беруге тыйым салуды ұсынды

11.05.2022
1 мин
4
1176

Жыл сайын микроқаржы ұйымдарында проблемалық қарыздар үлесі артып келеді. Микроқаржы ұйымдарының портфеліндегі проблемалық қарыздар көлемі 914 мыңды немесе жартысынан астамын құрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат бүгін Мәжілісте «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын қарастыруды бастағанын еске салды.

«Банкроттық – мәселенің салдары екенін есте ұстаған жөн, ал оның себебі басқада жатыр. Халық табысының төмен болуы, пайыздық мөлшерлемелердің шамадан тыс жоғары болуы және жеке тұлғаларға несиенің тым қолжетімді болуы банкроттыққа әкеп соғады. Халықтың негізгі бөлігінің табысының төмендігі оларды баспананы жалға алу, балаларды оқыту, басқа банкте ай сайын несие төлеу, азық-түлік және басқа да қажеттіліктер үшін онлайн-қарыз алуға мәжбүр етеді. Кепілсіз қарыз тез және табыс деңгейін ескермей берілуі, жоғары пайыздық мөлшерлеме түріндегі сын-қатер халықтың жаппай кредиттелуіне ықпал етеді», - деді Д. Еспаева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, «Ақ жол» фракциясының депутаттары микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жылдық 56%-дан аспайтын сома мен мерзімге шектеусіз белгілеуді ұсынған. Қаржы нарығын бақылау мен реттеу агенттігі бұл бастаманы қолдаған.

Сондай-ақ, Д. Еспаева фракцияның «Микроқаржы қызметі туралы» Заңға микрокредит бойынша артық төлемнің шекті мөлшерін екі есеге – микрокредит сомасының 100%-ынан 50%-ына дейін төмендету бойынша түзетулерге қол жеткізгенін айтты.

Мәжіліс депутатының айтуынша, халықтың қарыз тұзағына түсуінің негізгі себебі – жоғары пайыздар болып отыр, соның салдарынан олар өз мүлкінен, соның ішінде жалғыз баспанасынан айырылуы мүмкін.

«Микроқаржы ұйымдарындағы проблемалық қарыз үлесі жыл сайын өсіп келеді. 2022 жылғы наурыздағы жағдай бойынша 1 212 мың қарыздың 435 мыңы проблемалық болған. Мерзімі өткен қарыздар – 479 мың қарыз алушы немесе жартысынан астамы коллекторлық компанияларға сатылды. Осылайша, микроқаржы ұйымдарының портфеліндегі проблемалық қарыздардың жалпы саны 914 мың немесе жартысынан астамын құрайды. Қазір ұлттық экономиканы несиелендіруді қысқарту, жұмыс орындары мен халық табысының өсуін тежеу жүріп жатыр. Жеңіл болып көрінетін интернеттегі несие берудің айла-амалдары да адамдарды құлдыққа итермелеуде. Бұл «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңның қабылдануын қажет етті», - деді Дәния Еспаева.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары онлайн-кредиттеуге тыйым салуды ұсынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
К
Куаныш 12.05.2022
Онлайн кредитті тоқтатуды қолдаймын
Жауап беру
А
Алена 12.05.2022
Онлайн кредит беру токтатылсын. Қолдаймын. Жастар қарызға және құмар ойындарына осы онлайн кредиттер аркасында кіріп кетіп жатыр өте көп ондайлар.
Жауап беру
а
атым Абзал 12жастамын 12.05.2022
Дұрыс істейді қолдаймын,көрпеңе қарай көсіл деген,тапқан адал табысын ойланып ақылмен үнемдеп жұмсаса,ешкімге қарыз болмайды,қәзір бәрі осылай онлайын қарыз алып жаман үйренген алды артын ойламай,қарыздан қарызға кіріп жүргені сосын,не үйі жоқ,не тапқаны бұйырмай қарыз төлеп үйсіз күйсіз.қаншама адам бар онлайн кредиттің,сет компаниялардың ,пирамиданың құрбаны оңай ақша тапқысы келеді,еңбек бәрін жеңбек,әрекет етіңіздер қарызға кіре бергенше маңдай термен тапқан табысыңызды ақылмен жұмсап үйреніңдер үнемдеп.
Жауап беру
М
Меруерт 12.05.2022
Онлайн кредитті құрттса жақсы болар еді жастар кіріп кетіп жатыр
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл