Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Парламент депутаттары қаржы пирамидасын жарнамалағандарды қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасына бастамашылық жасады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Юрий Ли айтты.
«Биыл 11 сәуірде «MUDARABAH CAPITAL» қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің бірі елордада өзін өртеп жіберді. Бұл трагедияға не себеп болды? Заң бойынша қаржы пирамидасының қызметіне тыйым салынған. Алайда адамдар жеңіл ақшаның соңына еріп, осындай күмәнді жобаларға жинаған қаражатын салып жатыр. Алаяқтар мыңдаған қазақстандықты жинаған қаражатынан, көлігінен, пәтерінен айырып, көбісін несие мен қарызға батырды. Бұл өз кезегінде біздің азаматтардың қаржылық сауатылығының төмендігімен байланысты», - деді Ю. Ли құзырлы органдарға жолдаған сауалында.
Осы орайда ол бұған дейін жасалған депутаттық сауалдардың бірінде «MUDARABAH CAPITAL» ЖШС қаржы пирамидасының жарнамасына қатысқандарды жауапкершілікке тарту туралы айтылғанын еске салды.
«Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасына бастамашылық жасады. Онда қаржы пирамидасының жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу ескерілген. Тиісті рәсімдерден кейін, аталған заң жобасын талқылауға кірісеміз», - деді депутат.