USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Депутаттар жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру мәселесін көтерді

24.11.2021
1 мин
14
655
Депутаттар жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру мәселесін көтерді

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін көтеруді талап етті.

Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге, яғни, 41 процентке өседі. Ал зейнетақы мен жәрдемақы 5 процентке ғана көтеріледі.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ. 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында министрлік әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап 5 процентке арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл көлем инфляцияның статистикалық өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды", - деді Смайылов мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда депутат жәрдемақылардың көлемі де атап өтті. Мәселен, мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері I топ үшін 69 155 теңге, II топ үшін 55 108 теңге, III топ үшін 37 459 теңге құрайды. Бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне ай сайын бірінші балаға – 17 643 теңге, екінші балаға – 20 860 теңге, үшінші балаға – 24 045 теңге, төртінші және одан көп балаға – 27 261 теңге төленеді.

"Жәрдемақы мен зейнетақының мөлшері ел азаматтарының нақты қажеттілігіне сай келмейтінін және олардың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың мүддесіне сай келмейтін ұстанымда отырғаны алаңдатады", - деп атап көрсетті Смайылов.

Оның айтуынша, халықты қорғап, үкімет пен ұлттық экономика және қаржы министрліктері алдында мәселені көтерудің орнына министрлік бюджет қаражатының тапшылығына сілтейді. 

"Салалық министрлік халықты қорғау жолындағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін әлдеқашан жоғалтқан республикалық ұйымға айналды. Оның атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту қажет", - деді депутат.

Ал есеп комитеті жыл сайын жүздеген миллиард бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанын анықтап жатады.

Мысалы, 2020 жылы мұндай қаржының көлемі 570 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау кезінде миллиардтаған, тіпті триллиондаған қаражат талан-таражға салынады.

Фракция депутаттары әлеуметтік төлемге басымдық беруден адам капиталына инвестиция салу тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өтті.

14 Пікір
Айдана
Канды ишти осы эогары да откандар.Ауылга акеп малга салатын адамдар гой шетинен корсин ауылдын тирлигин
Жауап беру
Жабу
Айзат
Болмайтын ақша қосады да,бар нәрсені қымбаттатып жатыр.Азық түліктің бағасын тұрақтандыру керек .Осы берген ақшаларға өздері өмір сүре алмайды ғой.
Жауап беру
Жабу
Аяпбергенова Бейбитгул
Көп балалы аналарға қанша қосады
Жауап беру
Жабу
Гулнар
5500 тг унды 10500 ге котерди суиык маи барин дари сонша кымбаттатып жардем акыны 46000 нан 49000 га гана кобеитти неге жетеди кынаи берсе халыкты Карсы шыгарып алады гои
Жауап беру
Жабу
Нурбану
Жаман котерипсиндерго
Жауап беру
Жабу
Арайлым
Не болса соған милярдтап,милондап бергенде, неге халыққа келгенде болмайтын тиын қосып дүркіретіп айтады екен? Әйелдерге қиын, бар тіршілік мойындарында. Барлық отбасыларыға берілсін сол милон мен милярдтар.
Жауап беру
Жабу
Султанова
Толық емес отбасыларға көмек берылсе екен жалғыз басты аналар акесыз балаларды осыру кыйын сол себепті ол арғада көмек берылсе екен
Жауап беру
Жабу
Индира
Мен мүгедектік жәрдемақы аламын 5% деген 1000 тг ма 1500 ба ол ешқандай қажеттілікт жаппайды ғой бәрі қымбаттап жатыр. Тамақта, киімде, коммуналдық төлемдерде
Жауап беру
Жабу
Индира
Нурай
Оданда сол 5% ті ауыздарын толтырып қостайақ койсын
Жауап беру
Жабу
Аубакирова Акбота
Оте дурыс айтады азык тулік кымбаттап жатыр былай тартсанда олай тартсанда жетпиді акша
Жауап беру
Жабу
Мадина
Мугедек балдардын мемлекет беретин жардем акшасы оздеринин дари дармекпен емделу орталыктарына баруга жетпейди.сондыктан 5%емес.20%ге дейн котеруге болмайма
Жауап беру
Жабу
Мадина
Нурай
50% қоссада айдан айға жетпейді, мысалы 1 жаска дейін 17000 тенге бұның 5% ті 850 тенгеме, ужас сол 850 тенге не келеді казір
Жауап беру
Жабу
Кымбпт
3 жасқа дейін жәрдемақы төленсін
Жауап беру
Жабу
Жұпар
3 жасқа дейін жәрдемақы төленсін, 1жастағы баланы тастап жұмысқа шыға алмаймыз
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл