| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы елімізде Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жоспарын жариялады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, жаңа жоба ауқымды цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
- Келесі мақсат – елімізде Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру. Аталған ауқымды жобаны іске асыру жаңа инвестиция тартуға және өңірлік цифрлық хаб ретіндегі позициямызды күшейтуге мүмкіндік береді, – деді Президент.
Сонымен қатар ол жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу елдің жан-жақты жаңғыруының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Бұл үрдіс мемлекеттік басқару жүйесінен бастап креативті индустрияға дейінгі көптеген салаларды қамтитыны айтылды.