466.33
538.47
5.9
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда доллар арзандады
Жаңалықтар

Алматыда доллар арзандады

06.04.2026
мин
0
265
Сурет: Егемен Қазақстан

Алматыда доллар бағамы 465 теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық банк өкілдері халықты қаржыны шетел валютасында сақтамауға шақырып отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазіргі таңда Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 465–467 теңге аралығында сатылып, 461–463 теңгеден сатып алынуда. Бұл соңғы күндері америкалық валюта бағамының төмендегенін көрсетеді.

Ал Астанада доллар шамамен 470 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық банктің ресми бағамы 470,46 теңге деңгейінде белгіленген.



Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, долларды жинақ құралы ретінде қарастыру тиімді емес. Оның орнына квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары мен Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары тұрақты табыс әкелетін сенімді құрал ретінде ұсынылады.

Сондай-ақ ол ұлттық валютаға деген сенімнің маңызын атап өтіп, теңгеге деген сұраныс артқан сайын оның тұрақтылығы да күшейетінін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл