Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494–499 теңге аралығында сатылып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы бойынша 1 доллар 495,95 теңге деп белгіленген. Ресей рублінің орташа бағасы — 4,98 теңге, ал еуро — 524,37 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды 497,1 теңгеге сатып, 498,9 теңгеге сатып алуға болады. Еуро бағамы 522,5–527 теңге арасында құбылып тұр.
Астанадағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы — 494 теңге, ал сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынып жатыр.
Ресей рублі бойынша валюта бағамы 4,95–5,05 теңге аралығында өзгеруде.
Еске сала кетейік, 15 қараша күні кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,97 теңгеге өсіп, 496,01 теңгені құрады.