| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы 1,4 теңгеге арзандап, 501,79 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің белгіленген ресми бағамы – 503,35 теңге.
Kurs.kz дерегіне сүйенсек, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден сатып алынып, 504,55 теңгеден сатылуда. Бұл қалада еуроның бағамы 593,15 – 597,31 теңге аралығында болса, рубль 6,49 – 6,60 теңге деңгейінде саудалануда. Қытай юанінің сатып алу бағасы 73,47 теңге, сату бағасы 76,24 теңге болды.
Ал елордадағы айырбастау орындарында доллар 500,00 теңгеден қабылданып, 507,00 теңгеден сатылуда. Еуро 590,00 теңгеден сатып алынып, 600,00 теңгеден ұсынылуда. Рубльдің бағамы 6,32 – 6,62 теңге аралығында қалыптасса, юань 74,37 теңгеден сатып алынып, 78,55 теңгеден сатылып жатыр.