Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ДСМ: келер жылы 400-ден астам дәрі-дәрмек делдалдардың қатысуынсыз тікелей сатып алынады
Жаңалықтар

ДСМ: келер жылы 400-ден астам дәрі-дәрмек делдалдардың қатысуынсыз тікелей сатып алынады

20.11.2025
мин
0
171
Сурет: ДСМ

2026 жылдан бастап жалпы қажеттілік 567 млрд теңгеден асады. «СҚ-Фармация» сатып алу науқаны шеңберінде 2000-нан астам дәрілік зат пен медициналық бұйымды сатып алады - бұл 2025 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Dauletten.kz.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі өзгерістердің бірі өндірушілерден тікелей сатып алу үлесінің артуы болды. 2026 жылы 400-ден астам дәрі-дәрмек делдалдардың қатысуынсыз тікелей сатып алынады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 2,7 есе артық.

Мұндай динамика Денсаулық сақтау министрінің №110 бұйрығымен бекітілген жаңартылған Қағидаларда бекітілген сатып алудың жаңа тетіктерін енгізудің нәтижесі болды. Негізгі назар тікелей өндіруші зауыттардан баға ұсыныстарын сұрауға аударылады, бұл сатып алу бағасын төмендетуге, ашықтықты арттыруға және құнның қалыптасуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Сатып алу бұрынғыдай халықаралық ұйымдар – БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және СТОП ТБ арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық институттар арқылы сатып алынатын позициялардың саны 87%-ға (23-тен 43-ке дейін) ұлғайды. Мұндай механизм бәсекеге қабілетті әлемдік бағалар есебінен айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етеді, ал босатылған қаражат пациенттерді қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталады.

Сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізу биылғы желтоқсан айында жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдарға жеткізу 2026 жылдың қаңтарынан басталады.

Дәрілік заттарды сатып алу қажеттілікті атаулары, дозалары және жеткізу кестелері бойынша айқындайтын медициналық ұйымдардың өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігін арттыру үшін бірыңғай дистрибьютор делдалдар тізбегін қоспағанда, тікелей сатып алуға бағдарлануды күшейтеді.

2024 жылы сатып алу ережелеріне жаңа тетік – баға ұсыныстарын сұратуды бекітетін өзгерістер енгізілді. Осының арқасында өндірушілер тікелей сатып алатын препараттардың саны 2025 жылғы науқанмен салыстырғанда 5 еседен астам өсті.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін «СҚ-Фармация» ресми сайтында сатып алу туралы ашық хабарландырулар жарияланады. Сонымен қатар, жеткізушілермен белсенді келіссөздер жүргізіледі: дайындық кезеңінде баға талдауы және оңтайлы шешімдерді іздеу жүргізіледі. 2025 жылғы сатып алу науқанының қорытындысы бойынша үнемдеу 70 млрд теңгеден асты.

Бірыңғай дистрибьютор тікелей сатып алу үлесін кеңейтуді және өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл бағаның тұрақтылығын, жеткізілімнің болжамдылығын және логистиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

- Хлықты дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында «СҚ-Фармация» 2027 жылға арналған сатып алу науқанын 2026 жылдың мамыр айында бастайды, бұл жеткілікті қорларды қамтамасыз етуге және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл