Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетінің өкілдері не себепті 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді.
Жуырда БАҚ өкілдері комитеттің 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алғалы жатқандығы жайлы хабарлаған болатын.
"Мемлекет басшысының ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымды материалдық-техникалық жарақтандыру 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді", - деді комитеттегілер.
Ведомство мәліметінше, көлік комитеттің 18 аумақтық департаментінің 224 аудандық басқармасы бар мамандары үшін, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынады.