Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дүниежүзілік метриялық конвенцияның 150 жылдығына арналған халықаралық конференция
Жаңалықтар

Дүниежүзілік метриялық конвенцияның 150 жылдығына арналған халықаралық конференция

01.05.2025
мин
0
229

Астанада Дүниежүзілік метриялық конвенцияның 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан астанасында Халықаралық метрология күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда түрлі елден келген сарапшылар заманауи мәселелерді және өлшемдердің болашақты қалыптастырудағы рөлін кеңінен талқылады.

30 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық метрология күні мен Метриялық конвенцияның 150 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараны Қазақстанның стандарттау және метрология институты — РМК "ҚазСтандарт" өткізді.

Халықаралық метрология күні — жыл сайын атап өтілетін маңызды шара. Бұл күні әлем елдері өлшемдердің күнделікті өмірге тигізетін ықпалына назар аударады. Биылғы жылдың тақырыбы — "Әр заман үшін, барша адамға арналған өлшемдер". Ол өлшемдердің өткенімізді, бүгінімізді және болашағымызды қалыптастырудағы рөлін айқындайды.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан Республикасының бастамасымен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Атқарушы кеңесінің 215-сессиясының күн тәртібіне 20 мамырды — Дүниежүзілік метрология күні ретінде жыл сайын атап өту туралы мәселе енгізілген болатын. Бұл бастама халықаралық деңгейде бірауыздан қолдау тапты.

Игі жиынға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов қатысты. Ол өз сөзінде өлшемдердің дәлдігі денсаулық сақтау мен экология сияқты салаларда ерекше маңызды екенін атап өтті.

– Мемлекеттік метрология саясаты – еліміздің ғылым мен технологиядағы және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық ресурс. Метрология — бұл нәтижеге деген сенімділік, процестердің тұрақтылығы мен өнім сапасының кепілі. Ол мемлекеттер, компаниялар мен адамдар арасындағы сенімнің негізі, – деді Әсет Нүсіпов.

Шара барысында РМК "ҚазСтандарт" бас директоры Мәлік Сәулебай да сөз сөйлеп, метрологтардың еңбегі көп жағдайда көзге көрінбесе де, зауыттардың, көлік жүйесінің жұмыс істеуіне, қауіпсіз өнімнің өндірілуіне, технологиялардың дамуына және халық денсаулығының сақталуына тікелей әсер ететінін айтты.

– Метрологияны жаһандық мәселелерді шешудегі – оның ішінде тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, инновация мен өмір сапасын жақсарту жолындағы рөлін асыра бағалау қиын. Біздің институт ұлттық және халықаралық өлшеу жүйесін дамытуға қуана үлес қосып келеді, – деді ол.

Конференцияда Қытай, Түркия, Беларусь, Ресей және Франция елдерінен келген сарапшылар сөз сөйлеп, метрологияның болашағына қатысты өз көзқарастарымен бөлісті. Жиында кванттық метрология, электр қуатын зарядтау станцияларын метрологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық өнеркәсіптегі дәлдік мәселелері сияқты өзекті тақырыптар көтерілді.

Іс-шара соңында бес қызметкер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Он метрологқа Техникалық реттеу және метрология комитетінің Құрмет грамотасы табыс етілді, ал алты маман "Құрметті метролог" төсбелгісімен марапатталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл