Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Азаматтар "Е-заң көмегі" арқылы автоматтандырылған заң көмегін ала алады. Бұл жүйе адвокаттық қызметті және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға арналған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әділет министрлігі "Е-заң көмегі" мобильдік қосымшасы арқылы кеңес беру қызметін онлайн режимде қамтамасыз етті. Жақсартылған интерфейсі бар IOS және Android жүйелеріне арналған жаңа мобильді қосымша платформасы әзірленді.
- Министрлік ағымдағы жылы құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында "Е-заң көмегі" мобильдік қосымшасында жасанды интеллектпен чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр. Бұл азаматтарға 24/7 режимінде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ неғұрлым егжей-тегжейлі түсіндіру қажет болған жағдайда құқықтық ақпараттық қызмет операторымен кеңесу немесе мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде білікті заң көмегін алу үшін бейнеқоңырау қолжетімді болады, - деді ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.