Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Екі миллионға жуық қазақстандықтың кредиті кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының 345 мыңнан астам өкілінің 42 миллиард теңге немесе 105 миллион доллар болатын кредиті кейінге шегерілді Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарызды кейінге шегеруге үміткер бола алатын шағын және орта бизнес субъектілері қызмет түрлерінің тізімін кеңейтті. Қазір оған 357 қызмет түрі кіреді.
11 мамырда төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Тоқаев кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін салалардың тізімін кеңейтуді тапсырды.
Жаңа тізімге төтенше жағдай режимін енгізу салдарынан ең көп зардап шеккен салалар енгізілді. Бұл сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік, тамақтану, ақпарат және байланыс, білім және денсаулық сақтау салалары.
2 маусымдағы мәлімет бойынша, 12,5 мыңға жуық кәсіпкердің немесе қарыз алған заңды тұлғалардың 41,6 процентінің 164,6 миллиард теңге (412 миллион доллар) қарызы кейінге шегерілді.
Екінші деңгейлі банктер мен басқа да кредит ұйымдары 265,8 миллиард теңге немесе 666 миллион доллар сомасына 1,9 миллион адамның қарызын кейінге шегеруді мақұлдады. Бұл қарыз алушы жеке тұлғалар санының 34% құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 345 мың өкілінің 42 миллиард теңге көлеміндегі кредиті кейінге қалдырылды.
Қалған өтініштер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде тиісті шешімдер қабылданады.