Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік банк болжамдарына қарағанда Қазақстан экономикасының тез арада түзеліп кетуі қиын. Оған себеп – мемлекетіміздің шикізатқа тәуелдігі мен карантин салдары.
Сондай-ақ ел экономикасына Қытай сияқты көршілес мемлекеттерден экспортқа сұраныстың азаюы да кесірін тигізеді. Өйткені мұнай бағасы тұрақсыз.
Мамандардың айтуынша, экономикаға ықпал ететін тағы бір фактор – аймақтас елдердің хал-ахуалы. Себебі Ресей мен Қытай сияқты серіктестердің белгілі бір жағдайларға байланысты біздің шикізатымызға сұранысының азаюы да экономикамызға кері әсер етері анық. Мысалы, Қытай бензин және дизельмен жүретін көліктерді шығаруды тоқтатуды жоспарлап отыр. Яғни Қазақстанның мұнай нарығына Қытайдың аталған автокөлік өндірісінен бас тартуы да әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, көршілес елдің болашақта бізбен бәсекеге түсуі мүмкін мұнай қоры барын да ескеру керек. Зерттеушілердің болжамынша, пандемиядан кейінгі дағдарыс Қытайдың экономика саласын қайта қарастырып, өзгерістер енгізуіне себеп болады. Өйткені биыл ондағы бірқатар зауыттар дағдарыс кесірінен жабылды. Ол өз кезегінде Қазақстан экспортына теріс ықпал етті.
Осы орайда, энергоресурстар бойынша сарапшы Эльвира Айдарханова алдағы уақытта Қазақстан да экономикасына өзгеріс енгізуге мәжбүр болады деп есептейді. Осыған байланысты, төмендегідей шешу жолдарын ұсынады.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру