| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызмет бабын пайдаланып, 104 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған бұрынғы шенеунік сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, Мәдениет министрлігінің бұрынғы вице-төрағасы мен мердігер компанияның басшысы жалған «техникалық қолдау» қызметтері арқылы бюджет қаржысын иемденген.
- Бірінші инстанция сотының үкімімен Т. 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды, сондай-ақ оған берілген «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасы қайтарылды, - делінген соттың хабарламасында.
Сот үкімімен екеуі де 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мемлекетке келтірілген 104 миллион теңге залалды бірлесіп өтеуге міндеттелді.
Апелляциялық және кассациялық сот алдыңғы сот шешімін заңды деп тапты.