Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынған болатын. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп жатыр. Оның басты мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру.
Жоба жайлы толығырақ айта кетсек,«Елбасы медалі» - еліміздегі ең ауқымды challenge, оған қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейді таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарлама талаптарын орындауы керек. Осы уақыт аралығында олар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі.
«Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болып қалмайды. Болашақ мектеп түлектері үшін де елдегі ЖОО-ларда білімдерін жалғастыруға бағытталған тың қадам. Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім грантын және қала әкімінің грантын алуға толық құқығы бар.
«Елбасы медалін» мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иелене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған «алтын», «күміс» немесе «қола» бағыттарын таңдау керек. Содан кейін өзіңізге арнайы бекітілген тәлімгердің көмегімен өз қалауыңызға сай іс-шаралар мен кестені таңдап, жеке даму бағдарламасын жасай аласыз. Мүмкіндігі шектеулі жандар да бағдарламаға қатыса алатындай кесте құруға жағдай жасалады.
Деңгейді таңда және «Елбасы Медалі» жобасымен бірге көшбасшылардың жаңа буын қатарына қосыл! Call-орталық: 8 800 080 48 48. Алматы қаласы бойынша жобаға тіркелу және толық ақпарат үшін +7 775 135 1015 байланыс нөміріне жаза аласыз.