Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Электронды темекі шегетін балалар саны бірнеше есеге өскен
Жаңалықтар

Электронды темекі шегетін балалар саны бірнеше есеге өскен

18.10.2022
1 мин
0
1116

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуі бойынша 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен. Мұндай деректер Денсаулық сақтау министрлігі ашық талқыға шығарған арнайы тұжырымдамада көрсетілген.


«Қазақстанда электронды темекі бұйымдарын бақылаусыз сатуға байланысты оны қолдану қарқыны жоғары. Ол барлық жерде жастарға қолжетімді бағада сатылады. Әрбір азық-түлік дүкенінде сатылатын вейптердің бағасы 2000 теңгеден аспайды. Ол жастар үшін қолжетімді. вейпті 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынады. Алайда, кодекстің қолданыстағы нормасы темекі өнімдеріне тыйым салу және темекі өнімдерін ашық көрсету бөлігінде орындалмайды және оны кәсіпкерлер елемейді. ДДҰ-ның Қазақстандағы зерттеуіне сенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жылда 3 есе өсті. Атап айтқанда, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы оларды қолданып көргенін мойындады» делінген тұжырымдамада.


Министрлік мәселенің шешімі ретінде жасөспірімдер мен балаларға электронды темекі сатуға, тұтынуға және вейп айналымына шектеу қоятын норманы жетілдіруді ұсынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл