Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d'Italia турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Матчтың алғашқы сетінде Швентек 6:2 есебімен басым түскен. Дегенмен Рыбакина екінші сетті 7:6 есебімен жеңді. Ал үшінші сетте есеп 2:2 болған. Алайда әлемнің бірінші ракеткасы жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Матч 2 сағат 22 минутқа созылды.
Жеңісіне қатысты пікір білдірген Елена Рыбакина матчтың қиынға соққанын айтты.
«Бұл матчтан көп нәрсе күтпедім. Ал екінші сетте оң жақтағы соққыларды жақсы сезініп, жақсы қозғала бастағаным үшін қуаныштымын. Сондықтан нәтиждеге қарамастан жақсы ойнадым деп ойлаймын. Тағы бір матч өткізетінім үшін қуаныштымын», – деді ол.
Жарыстың жүлде қоры 3,5 миллион еуро. Жеңімпаз 521 мың еуро мен 1000 рейтингтік ұпай алады.
фото: sports.kz