Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1968 жылдан бері бір маусымда Аустралия ашық чемпионаты және Индиан-Уэллс, Майами және Рим WTA 1000 турнирлерінің финалына шыққан үшінші ойыншы атанды.
Бұған дейін мұндай табысқа әлемнің бұрынғы бірінші ракеткалары, америкалық Моника Селеш 1991 және ресейлік Мария Шарапова 2012 жылы жеткен еді.
Е.Рыбакина бүгін Рим мастерс турнирінің финалында әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен ойнайды. Оны жеңген жағдайда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, төртінші орынға көтеріледі.
Еске салайық, финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Фото: Almaty.tv