Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 148 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы министр Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша мүгедектігі бар адамдар арасында 148 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 39%-ы жұмыспен қамтылғанын айтты.
Бұл ретте өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпейді. Жұмыспен қамту салалары бойынша ғылыми қызмет (28%), мемлекеттік басқару (12%), білім беру және сауда (9%), денсаулық сақтау (7%) көш бастап тұр.
- Кәсіптер бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы кәсіби мамандар, 19%-ы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13%-ы техник-мамандар, 11%-ы – басшылар мен мемлекеттік қызметшілер; қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер, — деді Светлана Жақыпова.