Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері қанша?
Жаңалықтар

Елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері қанша?

11.04.2022
1 мин
1
5366

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 180 теңге болады. Мұндай түзету «2022- 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында көзделген.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылауға шығарылған заң жобасында 2022 жылғы 1 сәуірден бастап: 

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;

- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

- жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген. 

Айта кетерлігі, 2022 жылдың қаңтарында ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 19 450 теңгеге дейін өсті. 

Сонымен бірге, жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге болып бектілді. 

Ал базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 36 018 теңгеге дейін артты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аий 11.04.2022
Туф не деген жомарттық көп ақша ғой мынау, байып кететін болдық, катедж үйлер иномарка джиптар бриллиант унитазға отыратын болыппыз халқым.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл