| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023–2025 жылдары Қазақстандағы шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердегі 3 008 мектеп ауқымды жаңғырту жұмыстарынан өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу- ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мектептерді модернизациялау қала мен ауыл арасындағы білім беру алшақтығын азайтып, балаларға оқуға және тәрбиеленуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Осы жұмыстар аясында:
мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді;
заманауи пәндік кабинеттер сатып алынды;
мектеп жиһаздары жаңартылды;
кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды;
қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
2023–2025 жылдар қорытындысы бойынша:
369 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді;
1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды;
2 917 пәндік кабинет сатып алынды;
1 697 мектепте жиһаз жаңартылды;
2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды;
1 401 мектептің асханасы жаңартылды;
1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
Сонымен қатар, 2023–2025 жылдары 2 752 мектепке 4 320 пәндік кабинет сатып алынды:
2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет);
2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет);
2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет).
Осы жобалардың арқасында ел бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды. Бұдан бөлек, мектеп инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру мақсатында 2029 жылға дейін 1 300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды.