Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жыл басынан бері 152,3 мың отбасына, барлығы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
570,5 мың қазақстандыққа 1 мамырға атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды.
Айта кетсек, АӘК жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен аспайтын азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.
1 мамырда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 181,8 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы берілді.