Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды
Жаңалықтар

Елімізде ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

29.01.2025
мин
2
477
Сурет: freepik.com

Елімізде ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтарда электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бұйрыққа сәйкес, келесі топтар бойынша электр энергиясының шекті тарифтері өседі:

1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін (кВт/сағ).
2-топ (Еуразиялық энергетикалық корпорациясы) – 7,98-ден 9,4 теңгеге дейін.
3-топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін.
4-топ (Топардың негізгі таратушы энергостанциясы) – 15,32-ден 20,84 теңгеге дейін.
5-топ (Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС) – 17,73-тен 22,58 теңгеге дейін.
6-топ ("Қарағанды Энергоорталығы") – 14,09-дан 17,64 теңгеге дейін.
7-топ (Өскемен ЖЭО) – 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін.
8-топ ("Севқазэнерго") – 18,61-ден 23,17 теңгеге дейін.
9-топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін.
10-топ ("Павлодарэнерго" (ЖЭО-2,3) – 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін.
12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
13-топ ("Қазақмыс Энерджи" (ЖТЭЦ, БТЭЦ) – 21,42-ден 30,24 теңгеге дейін.
16-топ ("Bassel Group LLS") – 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін.
18-топ (Степногорск ЖЭО) – 28,97-ден 38,67 теңгеге дейін.
22-топ ("Кентау Сервис" МКК) – 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
23-топ ("Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы" МКК) – 8,44-тен 13,13 теңгеге дейін.
26-топ ("Алматы электр станциялары" (ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) – 17,82-ден 20,93 теңгеге дейін.

Осыған қарамастан - 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60 топтағы компаниялар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, 27 қаңтар Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері өсетіні туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Үкіметте өткен брифингте мәлімдеген болатын. 

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15392 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ж
Жанар 29.01.2025
Сәлеметсіз бе қымбаттамаған не қалды 3000тг қосса болды бәрін қымбаттатады сұмдық қара қалық аш отыр неге кормейсіздер ет дегенді мулдем жемейді
Жауап беру
Ш
Шырын 29.01.2025
Не сонша кымбат Свет
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл