Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті. Өзгерістер валюта айырбастауға да әсер етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді.
- Басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктеріндегі операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына 7 теңге, еуроға 10 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ төлем жүйелері және Ұлттық банктің өзге де қызметтеріне қатысты мәселелер бойынша Ұлттық банк басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған.