Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде ақылы жолдар қымбаттады
Жаңалықтар

Елімізде ақылы жолдар қымбаттады

13.07.2023
1 мин
0
384
nege.kz

Еліміздегі 11 ақылы жолдың құны 20% қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында көрсетілген.

Көпшілік талқыға шығарылған құжатта жазылғандай, енді төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүретін көліктер мына мөлшерде ақы төлейді:

Астана - Щучье тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0696 АЕК (240 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін (1 200 - 6 240 теңге аралығында).

Астана - Теміртау тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0696 АЕК (240 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін (840 - 4 020 теңге аралығында).

Алматы - Қорғас тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,1043 АЕК (360 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін (1 800 - 8 820 теңге аралығында).

Алматы – Қонаев тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0348 АЕК (120 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін (240 - 1 200 теңге аралығында).

Тараз – Қайнар тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0835 АЕК (288 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін (1 415 - 7 128 теңге аралығында).

Шымкент – Қызылорда тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,153 АЕК (527 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін (2 627 - 13 260 теңге аралығында).

Щучье - Көкшетау тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0209 АЕК (72 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін (360 - 1 800 теңге аралығында).

Астана – Павлодар тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,1322 АЕК (456 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін (2 232 - 11 208 теңге аралығында)

Шымкент – Тараз тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0313 АЕК (108 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін (516 - 2 628 теңге аралығында).

Қонаев-Талдықорған тасжолы:

- жеңіл көліктер үшін - 0,0661 АЕК (228 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін (1 128 - 5 592 теңге аралығында).

Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейінгі тасжол:

- жеңіл көліктер үшін – 0,0313 АЕК (108 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін - 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін (504 – 2 520 теңге аралығында).

Құжатта жазылғандай, барлық ақылы жолдар бойынша айлық және 1 жылға арналған абонемент сатылады.

Мәселен, Алматы - Қонаев тасжолымен жүру үшін жеңіл көліктерге жылдық абонемент - 1 АЕК (3 450 теңге), орын санына байланысты автобустар үшін – 20-дан 60 АЕК-ке дейін (69 000 - 207 000 теңге аралығында).

Ал жүк көліктері үшін 1 жылға арналған абонемент салмағына байланысты 80 мен 100 АЕК (276 000 – 345 000 теңге аралығында) көлемінде болмақ.

Жоба 26 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл