Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті 891 мыңнан астам адам алды
Жаңалықтар

Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті 891 мыңнан астам адам алды

25.09.2021
1 мин
3
1374

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай  бойынша 186,2 мың отбасындағы 891,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нен төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 қыркүйекте АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 227,1 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

 

 

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
С
Сауле 26.09.2021
Але толык тускен жок ешкимге.Тагайындалган акшаны тусирмей жатыргой.Туркистан обл.Жетисай.
Жауап беру
А
Адеми 25.09.2021
АСП алу ушин кандай кужат тапсыру керек
Жауап беру
Ш
Шугыла 25.09.2021
Асп га кандай кужат керек екенин билгим келеди
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл