Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
24-26 кыркүйек аралығында елордада Әзербайжан Республикасының мәдени күндері өтеді. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Нәтижесінде өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісім жасалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, 24 қыркүйекте "Физули-530" кітабының тұсаукесері және этно-джаз концерті өтеді. 25 қыркүйекте Қазақстан мен Әзербайжанның ұлттық кітапханалары арасында меморандумға қол қою, Эльмира Ахундова кітабының тұсаукесері, сонымен қатар "Әзербайжан өнерінің жауһарлары" көрмесінің ашылуы және би ансамблінің концерті өтеді. 26 қыркүйекте Әзербайжанның заманауи өнері және Томирис иконографиясы туралы дәрістер өткізіледі.
Сондай-ақ 26 кыркүйекте ең басты іс-шара Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді. Гала-концертте Әзербайжанның халық әртістері өнер көрсетеді.