Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысында алты жоба іске қосылмақ. Олардың ішінде балалар тағамы зауыты мен сүт-тауар фермалары бар.
Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, 2022 жылы балалар тағамын өндіретін зауыт іске қосылады. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 16,4 мың тонна өнімді құрайды. Жоба аясында 60 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, өңірде жалпы құны 20,1 млрд теңге болатын төрт сүт-тауар фермасын ашу жоспарланған. 180 адам жұмыспен қамтылады.
Ал келесі жылы құны 5,3 млрд теңге болатын құс фабрикасы жұмысын бастауы мүмкін. Қуаттылығы – жылына 10 мың тонна. Кәсіпорында 134 жұмыс орны ашылады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық компания балалар тағамы шығаратын зауыт пен сегіз сүт фермасын салу мүмкіндігін қарастыруда. Жобаларға салынған инвестициялар көлемі шамамен 100 млн долларды құрайды. Сондай-ақ биыл облыста 17 млрд теңгеге алты агроөнеркәсіптік жобаны ашу жоспарланған. Оның ішінде ет өндіретін төрт кәсіпорын бар.