Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде бірқатар ақылы жолда төлем тоқтатылды
Жаңалықтар

Елімізде бірқатар ақылы жолда төлем тоқтатылды

03.02.2026
мин
0
184
Сурет: Koleso.kz

Елімізде бірқатар ақылы жолда төлем уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еліміздегі Республикалық маңызы бар бірқатар ақылы автожол учаскелерінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталған. Осыған байланысты Көлік министрлігі Автокөлік жолдары комитетімен бірлесіп, ақаулар тіркелген ақылы учаскелердің кейбірінде енді жол ақысы алынбайтынын хабарлады.

14 ақылы учаскенің проблемалы бөліктерінің жалпы ауданы шамамен 1,1 млн шаршы метрді құраған. Қабылданған шара жол жабындысын нормативтік талаптарға сәйкес келтіруге және жол пайдаланушылары үшін сенімді әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондықтан, ақауы бар учаскелердегі жол жүру ақысы уақытша алынбайды.

29 қаңтардан бастап төлем алуды тоқтату күшіне енді. Сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне әсер ететін барлық ақаулар толығымен жойылғанға дейін жолаушылардан төлем алынбайды. Ақауларды жою жол құрылысы маусымында басталып, технологиялық дайындыққа және қолайлы ауа райына байланысты жүргізілмек.

Ақылы автожолдардың жағдайы тұрақты түрде мониторингтен өткізіліп отырады. Жол жағдайын бақылау ақауларды уақытылы анықтау және жою үшін тұрақты түрде жүреді.

Төмендегі ақылы жол учаскелеріндегі төлем мөлшері өзгертілді:
Көкшетау – Петропавл
Павлодар – Семей – Қалбатау
Павлодар – Омск
Астана – Теміртау
Алматы – Қонаев
Қонаев – Талдықорған
Шымкент – Қызылорда
Орал – Самара
Орал – Саратов
Астана – Павлодар
Қызылорда – Арал
Ақтөбе – Орынбор
Қостанай – Троицк
Тараз – Қайнар

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл