Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде
Жаңалықтар

Елімізде "Google салығы" енгізілмек

22.04.2021
1 мин
1
1373

Өткен жылы салық кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Қабылданған өзгерістер арасында қазақстандықтар үшін қызмет көрсететін шетелдік компанияларға салық салу ережесі қабылданды.

Мамандар пікіріне сүйенсек, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын 12%-пен төлейді. Цифрлық даму министрлігіндегі мамандар «Google салығы» деп аталып кеткен төлемнен Ресей бюджетіне 3 жыл бұрын 70 млрд теңге, Беларусь еліне 3,5 млрд теңге түскенін жеткізді. Ал біздің бюджетке алдын ала есептеу бойынша 2 млрд теңге салық түсуі мүмкін.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры Дархан Ахмедиев қазақстандықтардан пайда ала тұра, елге салық төленбей қалып кетіп жатқанын атап өтті. 

"Телефонымыздағы қосымшаларға ай сайын белгілі бір сомада ақша төлеп отырамыз. Бірақ оны төлегенде Қазақстан азаматтарынан пайда алып жатыр, олар Қазақстанға салық төлемейді ", - дейді ол.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева шетелдік компаниялар енді елімізде тіркелетінін айтады.

"Шетелдік компаниялар Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі. Қазақстан аудиториясындағы таза табыстың бәріне салық салынады", - дейді Жазира Мыңбаева.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Айша 29.04.2021
Сонда қашаннан жұмыс жасап жатқан шетелдік компаниялар салық төлемеген бе неге неге уақытында тіркеп салық салгызбайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл