454.31
528.04
5.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Инфрақұрылымсыз үй соғылмайды»: Астана билігі шеткі аудандардағы құрылысқа тосқауыл қойды
Жаңалықтар

«Инфрақұрылымсыз үй соғылмайды»: Астана билігі шеткі аудандардағы құрылысқа тосқауыл қойды

08.09.2026
мин
0
68
Сурет: El.kz

Елордада инженерлік желілері мен әлеуметтік инфрақұрылымы дамымаған шеткі аумақтарда көппәтерлі үйлер салуға және жер учаскелерін бөлуге 2035 жылға дейін тыйым салынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қала билігі бұл қадамды Астананы ретсіз құрылыстан қорғау және кешенді дамыту мақсатында қабылдағанын хабарлады.

Қай аумақтар шектеуге түсті?

Әкімдік бекіткен жаңа талаптар негізгі жоспарлау құжаттары әлі әзірленбеген және инфрақұрылымы дайын емес аумақтарды қамтиды. Тізімге мына бағыттар енді:

 К-1 айналма жолының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі;

 Өндіріс және Алаш тасжолдарының бойы;

 Астана–Қарағанды тасжолы маңындағы айналма жолдың шығыс секторы.

Сондай-ақ, көлік магистральдарының бөлінген белдеулерінде де күрделі нысандар соғуға ресми түрде рұқсат берілмейді.

Мақсат – ретсіз құрылысты тоқтату

Шенеуніктердің сөзінше, бұл шешім қаланың шеткі аудандарын өркендетуді мүлдем тоқтатуды білдірмейді. Басты міндет – нүктелік әрі бақылаусыз құрылысқа жол бермей, алдымен жарық, су, жылу және әлеуметтік нысандарды жүргізіп алып, содан кейін ғана жүйелі түрде дамыту.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл