454.31
528.04
5.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мекеме сақтандыру жасамаса, жазатайым оқиға төлемдерін өз қалтасынан өтейді
Жаңалықтар

Мекеме сақтандыру жасамаса, жазатайым оқиға төлемдерін өз қалтасынан өтейді

08.09.2026
мин
0
63
Сурет: kazinform

Алматы қаласы бойынша Еңбек инспекциясы департаменті өндірістегі жазатайым оқиғалар мен сақтандыру төлемдеріне қатысты маңызды түсініктеме берді. Мекеме өкілі Талғат Үмбетияров жұмысшылардың құқығын қорғау тетіктері мен жауапсыз жұмыс берушілердің міндеттерін баяндап берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сақтандыру бар-жоғын қалай білуге болады?

Маманның айтуынша, бұл мәлімет еңбек шартында міндетті түрде жазылуы тиіс. Құжатқа қол қоймас бұрын осы тармақтың бар-жоғын тексерген жөн. Егер ол көрсетілмесе, қызметкер жұмыс берушіден тиісті өзгеріс енгізуді немесе сақтандыру шартының көшірмесін талап етуге құқылы.

Сақтандыру болмаса өтемақыны кім төлейді?

Заң бойынша бұл — жұмыс берушінің тікелей жауапкершілігі. Егер ол өз қызметкерін сақтандырмаған болса, келеңсіз жағдай орын алғанда барлық шығынды өз қалтасынан өтейді. Заңды білмеу мекеме басшысын жауапкершіліктен босатпайды.

Оқиғаны жасыру немесе бұрмалау

Еңбек кодексіне сай, адамның денсаулығына зақым келген әрбір оқиға арнайы комиссия арқылы арнайы тергелуі шарт. Жұмыс берушінің өндірістік жарақатты «тұрмыстық» деп жасыруы заңға қайшы келеді және ол үшін әкімшілік жаза көзделген.

Егер жұмысшы комиссия шешімімен келіспесе, Еңбек инспекциясына немесе сотқа шағымдана алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл