Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
СҚО әкімі Құмар Ақсақаловқа Петропавлдағы халықаралық әуежай қызметкерлері бірнеше ай жалақы алмағандарын айтып шағымданды.
Әкімдік мәліметіне сүйенсек, қызметкерлер еңбекақысы кезең-кезеңмен беріліп, әуежай мемлекетке қайтарылады.
"Әуежай жақын күндері банкроттық процедурадан өтіп, мемлекет меншігіне қабылданады. Бұл өзгеріс әуежайды сақтап қалумен қатар, рейстер санын көбейтуге көмектеседі", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2016 жылы әуежайдың ұшу-қону жолағы, жолаушылар терминалы толық жөндеуден өткен. Бұдан кейін терминалға сағатына 200 жолаушы қабылдай алатын мүмкіндік іске қосылды. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан Ресей, Қытай және Еуроодақ елдерімен жаңа бағыт ашып, шет елдерге қатынайтын жаңа рейстер ашылады деген жоспар болған.
Десе бе, бұл жоспарлар іске асқан жоқ. Қазіргі уақытта Петропавлдан елорда мен Алматыға және Шымкентке ғана рейстер ұшады.