Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде мектеп формасы ауысуы мүмкін
Жаңалықтар

Елімізде мектеп формасы ауысуы мүмкін

02.11.2022
1 мин
6
2772

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізбек. Оның тәртіптері мен ережелері ашық талқыға шығарылған ведомствоның бұйрығында жазылған.

Министрліктің ұсынысы бойынша енді ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыс мезгілінде трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Дегенмен қыс мезгілінде оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылады.

«Бұл уақытқа дейін болған мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті блузка киуі туралы норма алынып тасталады. Сонымен қатар, мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады», - деп көрсетілген бұйрықта.

Құжатта жазылғандай, білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Десек те бұл орайда жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге болмайды. Жаңа өзгеріске ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындайтын редакция енгізілген.

Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды.

Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
А
Айсана 10.11.2022
Неге қыз балалар сарафан кию керек? Қыздарда шалбар кигісі келеді! Маған сарафан киген ұнамайды, маған ыңғайлы емес. Шалбармен өзімді жайлы сезінемін! Бұл дұрыс емес! Қыстада біз жаураймыз, ал сарафанмен гамаж кие алмайсың! Қыздарғада шалбар киюге рұқсат етілгені дұрыс!!!
Жауап беру
Д
Дариға 03.11.2022
Дұрыс, бұл қосымша ғана енгізілген балдардың қыс мезгілінде жаурамауы үшін, және ақ жейденің орнына көк жейдемен алмастырып кигенге ыңғайлы, және аяқ киімге қатысты классический үлгідегі аяқ киімдер ғана емес жинақы аяқ киімдерге де рұқсат берілсе
Жауап беру
А
Айгерім 03.11.2022
Неге жылда ауыстыра береді, биыл міне барлығын алдық келесі жылы тағы аламызба бұлар отырып алып еріге береді екен
Жауап беру
Л
Лаура 02.11.2022
Биылға алып койдыққой енді не керегі бар.Министирлер отырып алып ойына келгенді айтатыны несі.Баска нарсе құрып қалғандай
Жауап беру
А
Ақерке 02.11.2022
Осы форма жайлы қыркүйекке дейін шешіп, жаздың соңғы күндері жарияласа болмайды ма, оқу басталып кеткеннен кейін, барлығы уже киім алып қойғанна кейін неге керек оның барлығы. Мен мысалы олардың қарашадағы шещімі бойынша, балама басқа мектеп формасын алмаймын, барлығы солай жасайды деп ойлаймын. Сондықтан олардың сол үшін бастарын қатырып, шешім шығарғаны пшкімге де керек емес.
Жауап беру
А
Алия 02.11.2022
Формадан басқа мәселе жоқпекен біздің Қазақстанда неге қарапайым халықтың аилығын қоспайды екен мына қымбатшылық күннен күнге қинап баратыр ғой ертең саилаудан кеиін тағы да қымбаттайды деп жатыр неге неүшін қаита қаита қымбаттата береді бір жетістіріп аилықты да қоспайды 30 жыл бойы он он бес паиыз аилық қосып келген де баяғы даак Дубай мен бірдеи өмір сүретін едік қой әрине бізде жемқорлық жоиылмаи тұр әлде әлсіз біз бе түсінбедім қарапайым заводтта жұмыс істейтін адамдардың аилығын көбеитсін бас салып бастықтардыкен көбейте бермеи қарапайым халық кредитке батып біттік қалаи күн көреміз білмеиміз формадан басқа проблема жетеді ел ішінде соны шешсін
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл