Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде орташа жалақы 23%-ға өскені рас па?
Жаңалықтар

Елімізде орташа жалақы 23%-ға өскені рас па?

05.11.2022
2 мин
0
962

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні биылғы IІI тоқсанда 299 782 теңгені құрады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім - 23%, нақты мәнде – 5,8% құрады.

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңгені құрады.

Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады.

Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.

«Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыздық тармақ). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді», – дейді Наталья Белоносова.

Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды.

2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады.

Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.

Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 39%. Ең төмен өсім Астана қаласында байқалды – 15,1%.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл