Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
- Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
- Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
- Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
- Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
- Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.