Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысында қағаз өнімдерінің өндірісін құруға 1,7 млрд теңге бөлу жоспарланған, деп хабарлайды Dauletten.kz өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.
Жоба Петропавлда іске қосылады. Қағаз өнімдері өндірісінің ашылуы 1,7 млрд теңгеге бағаланған.
Қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім шығарады деп күтілуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар. Ақпаратқа сүйенсек, жоба барысында 30 жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, өңірге 1,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда, оның ішінде республикалық бюджеттен – 517,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 43,9 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,3 трлн теңге. 1,4 трлн теңге сомасына 64 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, көлік-логистика, туризм және спорт, сондай-ақ басқа салаларда жаңа өндіріс орындары құрылады.